ШҚО онкология орталығында Ашық есік күні өтіп жатыр (видео)
Бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында ішектің және әйел жыныс саласының қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтіп жатыр.
Өңір тұрғындары жолдамасыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан білікті мамандардан кеңес алып, тексерістен өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ақ халаттылардың айтуынша, жыл сайын орта есеппен облыс бойынша 2500 адамға қатерлі ісік диагнозы қойылатын көрінеді. Қауіпті дерт бойынша ШҚО көш бастап тұрғындақтан осындай алдын алу шараларын өткізудің маңызы зор. Себебі аты жаман ауру ерте сатысында анықталса, емделуге де мүмкіндік жоғары болмақ.
Жаhанды жалмаған жаман аурудың нақты себебін ешкім дөп басып айта алмай отыр. Десе де қатерлі ісікті ерте анықтауға болатын түрлі жолдарды бар екенін естен шығармаған абзал. Оның бірі - скринингтен өту.
Әйелдер арасында ең кең тараған қатерлі ісіктердің бірі - жатыр мойны обыры. Негізінен бұл дертке адам ағзасындағы папиллома вирусы себепкер болатын көрінеді. Естеріңізке сала кетейік, биыл елімізде жасөспірім қыздар арасында кезең-кезеңімен адам папиллома вирусына қарсы вакцинация салу басталды.