KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан балалар «Балдәуренде» демалып қайтты

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

24.06.2024, 11:10 113 Айжанат Бақытқызы

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалды.

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында келесі аптада жаңа маусым басталады. Биылғы жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді, әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.

-           Биылғы жылдың басынан орталықта 5800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан мыңға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының баспасөз қызметі.

Орталық әртүрлі құрылымдық бөлімшелерден тұрады: білім беру, тәрбие, медициналық, дене шынықтыру кешендері.

Су тасқыны басталғалы бері түрлі республикалық сауықтыру орталықтарында 1083 бала демалды. Жазғы кезеңде демалыспен тағы 3,7 мыңға жуық бала қамтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу