KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Эвакуациялық орындардағы оқушылар қажетті құралдармен қамтылған

pexels.com

20.04.2024, 22:00 68 Назерке Каримова

4 мыңға жуық бала ата-анасымен бірге оқу үшін қолайлы орындарға орналастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.

Оның ішінде 600-ге жуық оқушы сауықтыру орталықтарына, 2 мыңға жуық бала колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, 600-ге жуық бала республикалық маңыздағы инновациялық мектеп-лицей жатақханаларына орналастырылды.

Резерв ретінде балалар мен олардың ата-аналары үшін қосымша 7094 орын әзірленді. Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, тамақтанумен және киіммен қамтамасыз етілді. Қазақстан темір жолымен бірге балаларды сауықтыру орталықтарына тегін тасымалдау ұйымдастырылды.

- Сонымен қатар, зардап шеккен өңірлердегі балалар үшін емтихан тапсыру мерзімдері қайта қаралды. Бұдан бұрын Ақтөбе және Атырау облыстарында ТЖБ мен БЖБ өткізілмейтіні хабарланды. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен елді мекендерінде тұратын балалар үшін де ТЖБ мен БЖБ алынып тастау туралы шешім қабылданды. Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында шешім жағдайға қарай қабылданатын болады, - деді ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив