Елімізде «Жазғы мектеп» басталады
фото: depositphotos.com
27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыру.
«Су тасқыны болған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыған 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
«Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.