KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Фото: Avesta.news

1.07.2024, 11:02 60 Айжанат Бақытқызы

2024 жылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Қытай көшбасшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетінін айта кетуіміз керек.

Сондай-ақ БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдерін жұмыс сапарымен аралайды. 29 маусымда басталған туры аясында ол Қазақстанға да ат басын бұруға ниетті. 

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің 4 шілде күні Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуы жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив