Шығыста бес жұлдызды қонақ үй салынады
Фото: depositphotos.com
Сәні мен салтанаты келіскен жоғары санаттағы қонақ үй Катонқарағай ауданында салынуы мүмкін.
Бұл туралы облыс әкімінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыстың айнасы саналатын Катонқарағай ауданында «TOR"RE» компаниясы ең жоғары санатты қонақ үй салуға ниетті. Бұл жоба облыстың туристік саласын дамыту аясында жоспарланған. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, инвестор бұл жобаға 8,3 млрд теңге салуды көздеп отыр. Әзірге жерді құрылысқа беруге байланысты заңды мәселелер шешілуде.
Оқи отырыңыз