Катонқарағайда үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Фото: Редакция мұрағатынан
Катонқарағайдың тұмса көз тартар табиғаты көпшілікті таңдай қақтыратыны ақиқат. Еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, шет мемлекеттерден де ағылып келетін туристер саны жыл санап артып келеді.
Туристер тартып, туризмді дамыту мақсатында ауқымды шаралар қолға алынып, түрлі жобалар жүзеге асырылып та жатыр. Бұл туралы Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалинов айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл Катонқарағай ауданында үш іші инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ірі халықаралық қонақ үй операторы саналатын TOR’RE компаниясы Катонқарағай ауылында 120 нөмірлі "Wellness Resort" санаторий-сауықтыру кешенін салмақ. «QZ Property» жеке компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, жоба 2026 жылға дейін жүзеге асырылаты белгілі болды.
Демалыс базасының құрлысы 2025 жылға дейін аяқтау және 20-ға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.