ШҚУ-дың профессоры сейсмикалық төзімділікті бағалаудың жаңа әдісін әзірледі
Сурет: ШҚУ
Шығыс Қазақстан университетінің Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мархаба Карменова деректерді талдау технологиялары мен машиналық оқыту әдістерін әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қалалық нысандардың сейсмикалық төзімділігін бағалауда жер сілкіністерінің тығыз учаскелерін анықтау үшін DBSCAN алгоритміне негізделген кластерлік талдау қолданылады.
Одан әрі ғалым әр кластердегі шешім шекарасын нақтылау және деректер құрылымын зерттеу үшін жіктеу әдістерін қолданады.
Мархаба Карменованың айтуынша, ол жұмысында жүйелерді басқару теориясының аппаратын, статистикалық талдау әдістерін, жасанды интеллект пен ақпараттық жүйелерді жобалау технологияларын қолданады.