KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да жас өнертапқыштар интеллектуалды шкаф жасады

29.12.2023, 14:45 137 Оразай Жеңісұлы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері облыстық цифрландыру және архивтер басқармасына және «TerraSport» фитнес-орталығына келушілерге арнап интеллектуалды қызмет көрсету сервисін әзірлеп қолданысқа енгізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Әрбір келушіге ақылды шкафтарды жеке QR код пен Face ID идентификациясы арқылы пайдаланады. Әдеттегі кілттің орнына адам биометриясының ерекшеліктері қолданылады. Рүстем Жұмабек, Мирас Екпінов, Аружан Ражапова және Жавохир Құрбаналиев есімді жас өнертапқыштар әзірлеген инновациялық жоба қауіпсіздікті күшейтуге және жұмыс процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі басқа елдерде жасалған ұқсас жүйелерді алмастыруға келгенде экономикалық тұрғыда өте тиімді.

Өнертапқыштардың айтуынша, жобаның барлық кезеңінде заманауи бағдарламалар мен өндіріс технологиялары қолданылған. Жасанды интеллект жобасына білікті мамандар – ЖОО профессоры Бақытжан Көпжасаров пен IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиканова жетекшілік ететінін айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив