KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Көмірді қазірден бастап сатып алуға шақырады

18.07.2024, 11:20 478 Жанаргүл Мұқатай

Қыстың қамын жаз ойла!  Күзде жұрттың бәрі жапа-тармағай көмір сатып алуға кіріскен кезде дүрбелең туып, тапшылыққа тап болып, қысылтаяңда қалмас үшін халық баспаналарына қатты отынды қазірден бастап жеткізіп алуы керек. Облыстық  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары аймақ тұрғындарын күзде сұранысы артатын көмірдің қамына қазірден бастап кірісуге шақырып отыр.

Биыл отынның бағасы қанша?

 Биыл өңірде көмірдің бір тоннасы 15 800 теңгеден 22 000 теңгеге дейінгі аралықта сатылады. Өскеменде әлеуметтік көмірдің бағасы 15 300 теңгеден болмақ.

Қазіргі күні көмір облыстың темір жол тұйықтары бар қалалары мен аудандарында 21 аймақтық оператор арқылы үлестіріліп жатыр. Темір жол тұйықтары жоқ елді мекендердегі тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмірді «Қаражыра» АҚ кенішінен немесе жақын маңдағы тұйықтардан жекелеген жеткізушілер тасымалдап жатыр. Осы уақытқа дейін тұрғындар 71,3 мың тонна көмірмен қамтылған, бұл – барлық қажетті көмірдің 16 пайызы.

Облыс тұрғындарының, мекемелер мен жылу бөлу орталықтарының жылыту маусымындағы көмірге деген қажеттілігі 3 087 мың тонна, соның ішінде жылыту көздеріне - 2 608,5 мың тонна,  коммуналдық –тұрмыстық секторға – 479,9 мың тонна (тұрғындар – 440,1 мың тонна, бюджеттік ұйымдар – 39,8 мың тонна) көмір қажет.

Тұрғындар мен жылыту көздеріне көмірді дер уақытында жеткізу мақсатында облыста «Қаражыра» АҚ және «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен көмір тасымалдаудың және жартылай вагондармен қамтамасыз етудің арнайы кестесі жасалған. 

2024 жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша бюджеттік ұйымдармен 29,6 мың тонна отын (74%) жеткізуге келісімшарт жасалған, соның ішінде : денсаулық сақтау саласы – 5,9 мың тонна, әлеуметтік сала – 4,99 мың тонна, білім беру – 18,7 мың тонна.

Қазіргі уақытта жасалған келісімшарттар бойынша 7,8 мың тонна көмір немесе барлық қажетті көмірдің 19,7 пайызы (39,8 мың тонна) жеткізілген, соның ішінде денсаулық сақтау мекемелеріне 199 тонна, әлеуметтік сала мекемелеріне 1,6 мың тонна, білім беру мекемелеріне 6,03 мың тонна жеткізілді.

– Тамыз, қыркүйек, қазан айларында көмір сатып алуға деген сұраныс күрт артады. Сондықтан көмір кезегін болдырмас үшін, дүрбелеңге жол бермес үшін өңір тұрғындарын алдағы жылыту  маусымына көмірді осы бастан сатып алуға шақырамыз, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Самат Сүлейменов.

Әзірге, пеш жағатын жұрт жайбарақат жүр. Облыс орталығындағы көмір сататын ірі темір жол тұйығында көмір сатып алып жатқан ешкім жоқ екенін көрдік. Өскемен қаласындағы көмір қабылдап, сататын темір жол тұйығының иесі, «Сейком» ЖШС директоры Николай  Кондратьевтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін, яғни, өткен жеті айдың ішінде темір жол тұйығынан осында жеткізілетін барлық көмір көлемінің 25 пайызы ғана сатылған. Бұл күзде ұзын сонар кезектің болатынын білдіреді.

  Қазір тұйықта 4 мың 400 тонна көмір жатыр. Аталған серіктестік биылғы маусымда «Қаражыра» көмір кенішінен 110 мың тонна көмір сатып алуға келісімге отырған. Көмір жеткізуде кедергілер жоқ. «Қаражыра» АҚ ақысы төленген отынды көрсетілген мерзімде жеткізіп беріп жатыр.

Өскемен қаласындағы әлеуметтік осал топтар санатына жататын тұрғындарға биыл көмір 15 300 теңгеден беріледі. Коммерциялық көмірден 500 теңгеге арзан. Әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету үшін Өскемен қаласының әкімдігі мен «Қаражыра» АҚ арасында меморандумға қол қойылған. Осы келісім бойынша 25 мың тонна көмір әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын қалалықтарға берілмек.

Кендірліктің қазынасы жетерлік

Темір жол тұйығының басындағы көмірдің бағасы алыстағы ауылдарға жеткенше қырық құбылып, қымбаттайды. Былтыр Марқакөл, Күршім, Тарбағатай тәрізді шалғай аудандардың елді мекендеріндегі ел көмірдің әр тоннасын 25 мың теңгеден сатып алды.

- Күршім, Марқакөл, Самар аудандарында өзге қала, аудандардағы сияқты темір жол тұйықтары жоқ болғандықтан тұрғындар көмірді  жеткізушілер арқылы сатып алып жатыр. Күршім ауданына көмір Ертіс өзені арқылы баржамен Алтай ауданынан жеткізіліп келеді, Құйған айлағына дейін. Аудан тұрғындары көмірді Алтай ауданындағы темір жол тұйығына барып та сатып алады. «Қаражыра» көмір кенішінен вагонға тиелген көмір Алтай ауданындағы темір жол тұйығына жеткізіледі, ол жерден қайтадан тиеліп Күршім ауданына жіберіледі. Жол шығындарының көптігінен көмірдің бағасы шалғай аудандарда қымбат, - дейді Самат Сүлейменов.

Күршім, Марқакөл аудандарының тұрғындары көмірді көршілес Зайсан ауданындағы Кендірлік көмір кенішінен де сатып алуына болады. Кендірлік - біздің облыстағы жалғыз көмір кеніші. Мамандардың айтуынша, кеніште көмір қоры жеткілікті. Жеке меншік «Кварц» ЗДП мекемесі кеніштен өндірген көмірді халыққа өздері жеткізіп береді. Әйткенмен, өзіміздің кеніштің көмірі де қымбат, тоннасы 16 мың теңге (кеніш басында). Сапасы жақсы, Қаражыраның көміріндей дейді.

Сапасыз болып шықса

Көмірдің сапасы нашар, бықсып жанбайтын, жылуы жоқ болып шықса онда бес-алты тонна үшін төлеген қыруар ақша желге ұшты дей беріңіз.

Ал, егер темір жол тұйықтарынан жылу қазандықтарына, жылыту көздеріне жеткізілген көмір сапасыз болып шықса, мекемелер көмірдің ішіндегі тастарды бөлек жинап алып дегендей сапасыз бөлігін бір жаққа үйіп қойып, «Қаражыра» кенішінен келген мамандарға көрсетіп, акт жасап, орнына басқа көмір немесе ақшасын қайтарып алуына болады.

 Көмірдің судан ылғалданып жатуы, ішінде тас кесектерінің көп болуы, тым ұсақ болуы оның сапасыздығын көрсетеді. Күннің астында, ашық жерде көп жатып қалған көмірдің де сапасы төмендеп, нашар жанады. Жаңбырдың астында қалып қойған көмір кейін күн қатты ысыған кезде қызып сапасын жоғалта бастайды. Сондықтан үйге түсірген қатты отынды көмір қораға кіргізу қажет.

Облыстағы көмір сатылатын кәсіпорындардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері

 

 

 

Өскемен

«Топливная компания терминал» ЖШС

Сол жағалау кенті, Базовая көш., 5

М.Бекбауов

тел.: 52-63-62,

8-705-509-55-52

«Азимут» ЖК

Машиностроитель көш., 11/12

М.Молдамсейітов

тел.: 8-705-155-77-70, 8-705-173-11-71

«Антрацит»ЖК

Путевая көш., 7

 

И.Гарнин
 тел.:8-705-418-19-00

«Сейком» ЖК

Делегатская көш., 36

Н.Кондратев
 тел.: 8-747-282-61-10, 8-701-530-22-24)

«Coaland Treiding» ЖК

Полтавская көш., 78

 

А.Мусин,

тел.: 8 777 139 82 85

«КМК көмір»

 

Астана қ., Шевченко көш., 4/1

М.Мукашев

8 702 505 99 35

Риддер

«Теплоизоляция» ЖШС

Победа көш., 5

Р.Игнатенко,

тел.: 8 777 793 18 08

«Перама» ЖШС

Гоголь көш., 2/2

Р.Итахунов

тел.: 8 777 535 11 55

 

Алтай ауданы

 

«Иртыштранс» ЖШС

Октябрьск кенті, Бұқтырма айлағы, Заводская көш., 17

П.Амерханова         

тел.: 8-(7232)-55-38-66

«Amangeldy TRANS» ЖК

Серебярнка қ., Никрасов көш., 73

Н.Биболова

тел.: 8 705 798 62 79

«Чуприков Н.В» ЖК

Серебрянка қ., Пристанская көш., 1

Н.Чуприков

тел.: 8 777 535 61 91

«Зырян ТЭК» ЖШС

Зубовка кенті, С.Лозо көш., 1А

Ю.Быценко

тел.: 8 705 528 94 94

 

Глубокое ауданы

 

«Леонтьев В.А» ЖК

 

Глубокое кенті, Берестов көш., 55

В.Леонтьев

тел.:87055306091

«Востокцветмет» ЖШС

Өскемен қ., Протозанов көш., 121

И.Даутов

тел.:8/7232/593559

«Шемонаиха отыны» ЖШС

Заречное ауылынан шыға беріс

А.Дементьев

тел: 8-705-752-10-28, 8-701-711-11-71

Шемонаиха ауданы

«Шемонаиха отыны» ЖШС

 

Строительная көш., 1/1

А.Дементьев

тел.: 8-705-752-10-28,

8-701-711-11-71
8(72332)-91-544

«Keruen Assistance» ЖШС

Астана қ. Кенесары көш., 1, 29 офис.

А.Алжебаева

8 (7172) 77-99-10
8 (771) 604-44-44

«Востокцветмет» ЖШС

Өскемен қ., Протозанов көш. 121

И.Даутов

тел.:8/7232/593559

«Гортоп» ЖШС

Шемонаиха қ.,, Тимирязев көш., 12

В.Козловская

8 (72332)30774, 87772982541, 87779061257

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу