Жастар арасында қылмыс азайды – ШҚО
«Жастар ортасында қылмыстың алдын алу және тәуекел тобындағы жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту» жобасы аясында мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары мен үкімет емес ұйымдардың өкілдері кездесу өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сала өкілдерінің мәлімдеуінше, биыл былтырғы кезеңмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 10 пайызға дейін төмендеген.
– Негізгі мақсат – 2024-2025 жылғы оқу жылында студент жастарды, кәмілет жасқа толған балалармен жұмыс істеу бойынша негізгі ведомства жол картасын әзірлеу. Сонымен қатар ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында жастар арасындағы қылмысты алдын алу, әлеуметтік осал топтағы жастарды қызметке тарту бойынша жоба әзірленген. Жастар арасындағы қылмысты алдын алу мақсатында осындай кездесулерді жиі ұйымдастыратын боламыз, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Балтабеков.
Оқи отырыңыз