KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

Тарбағатайдағы ауылдардың бірі таза ауызсумен қамтылады

шартты сурет: depositphotos.com

20.07.2024, 17:30 320 Назерке Каримова

Тарбағатай ауданындағы Жаңауыл ауылында ауызсу құбыры тартылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәлімдеуінше, жоба құны – 393,4 млн теңге.

«Былтыр жобаға бөлінген  181,9 млн теңге қаражат игерілді. Қалған бөлігі биыл іске жаратылады. Жұмыс көлемінің 80 пайызы орындалды», - деп мәлімдеді аудан әкімдігінен.

Мердігер ұйым өкілдері қазір резервуар құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу