Мопед апатынан 10 жасөспірім қайтыс болды
Фото: depositphotos.com
Елімізде жыл басынан бері мопедтің қатысы бар 154 жол-көлік оқиғасы тіркелге. Соның салдарынан 10 жасөспірім көз жұмса, 180 жарақат алған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты. Апаттың жиілеуіне мопед санының артуы, жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы себеп болып отыр.
Құзырлы орган өкілі ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды.
Оқи отырыңыз