Бір айда 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді – Семей

Жыл басынан бері Семейде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы Семей Полиция басқармасының қызметкерлері мәлімдеді.
Жиырма төрт жол-көлік оқиғасында 36 адам жарақат алған. Абырой болғанда бәрі аман. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне жүргізушілердің жылдамдықты асыруы мен мас күйінде көлік тізгіндеуі себеп дейді. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары шаһар тұрғындары мен меймандарына мас күйінде көлік тізгіндемеуді ескертеді.
Оқи отырыңыз