KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскемендіктер балық аулап жарысты

29.07.2024, 16:10 120 Анель Слямғазықызы

Өскеменде дәстүрге айналған балық аулау фестивалі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бұл фестиваль үш жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жыл санап қатысушылар саны да артып келеді. Басты мақсатымыз – туризмді дамыту, өскелең ұрпақты балық аулау спортына баулу және оны дамыту, – дейді қалының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Диас Ерланұл.

Іс-шараға алғашқы жылы 20 адам, келесі жылы 60 адам қатысты. Биыл рекорд көрсеткіш тіркеліп отыр. Тоқсан адам фестивальде бақ сынады.

Төрт сағатқа созылған жарыстан жеңімпаздар мен номинанттар анықталып, марапатталды.

«Ең жас балықшы» номинациясына 12 жастағы Тимофей Аксенов ие болды. «Ең тәжірибелі балықшы»а – 74 жастағы Жұматай Ноғайбаев. Ал ең үлкен балық Ерсін Тоқтарбектің қармағына ілінген екен.

Ауланған балықтардың жалпы салмағы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1-орын – Михаил Пакриев;

2 орын –Роман Бурындин;

3 орын – Артем Тыдыяков.

Фестиваль соңында барлық қатысушыларға естелік кәде сыйлар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив