KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Алтын балық кімнің қармағына ілікті?

23.02.2018, 03:40 107

Жарма ауданындағы «Шаян» су қоймасында «Мұз астынан балық аулау-2018» сайысының жалауы желбіреді. Жарыс ауданның 90 жылдық мерейтойы және елорда Астананың 20 жылдығына арналды.  Аталған шараға 19 округтен мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың командалары әрі  әуесқой балықшылар қатысты.



Сайыс «Қазақстан – 2050» Стратегиясында белгіленген дені сау ұлтты қалыптастыру, бұқаралық және балық аулау спортын дамытуға бағытталды. Доданың ашылу салтанатында аудан әкімі Н.Сыдықов сөз алып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.



Жарыс екі кезеңнен тұрды. Атап айтқанда сайыскерлерге балық аулау, сол сияқты спорттық сында өзара мықтыны анықтау тура келді. Әсіресе соңғы кезең балықшыларға оңай тиген жоқ. Өйткені үміткерлер шанамен жарысып, қаппен жүгіріп, сонымен қоса арқан тартысып күш сынасты. Ал мұз үстінде пимамен хоккей ойнау, турнирді тіпті күрделендіріп жіберді. Әйтсе де құрама командалар мойымай барын салды. Балық аулау бәсекесінде ұзын саны 70 балықшы бақтарын сынады. Мұнда ардагер балықшы К. Тостағанов бас төрешілік етті. Тартысты доданың нәтижесінде 1-ші орынға Төлеген Сапаров лайық деп танылды. Оның қармағына 4 келі 940 грамм көлемінде балық ілінген. 2-ші орынға 4 келі 930 грамм көрсеткішімен Айдар Жанұзақов тұрақтады. Үздік үштікті 2 келі 680 грамм нәтижесімен Аслан Суганов түйіндеді. Бұдан бөлек «Ең ірі балық» аталымында Т. Сапаров, «Мұзды жылдам ойған балықшы» номинациясында Ә. Қалиев, «Алғашқы ұсталған балық» санатында А. Жанұзақов, «Ақсақал балықшы» аталымында И. Самохвалов және жеңіске деген құштарлығы үшін А. Сапинов марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімінің алғыс хаттары және сыйлықтары табысталды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив