KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Күршім ауданында екі балықшы суға кетті

2.12.2013, 18:00 186


Күршім ауданының екі тұрғыны өткен жексенбіде балық аулау кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орынхай ауылының 25 және 34 жастағы екі тұрғыны Марқакөл көліне балық аулай барғанда мұздың астына түсіп кеткен. Бақытсыз оқиға таңғы 6 сағат 30 минутта тіркелген. Мұз астына кеткен ауылдастарын дереу іздеуге кіріскен жергілікті тұрғындар бір сағаттың ішінде екеуінің де денесін жағаға алып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 26-қазанда дәл осы көлде тағы үш адам балық аулау кезінде суға кеткен болатын. Онда да күн жексенбі еді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив