KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Париж Олимпиадасы: екі қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды

Фото: Сали Сабыров/ ҰОК

30.07.2024, 15:16 104 Анель Слямғазықызы

Париж Олимпиадасы: екі қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді. Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті. Осылайша, Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өте алмады.

Сонымен қатар қазақстандық дзюдошы Эсмигул Куюлова да Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңіліп қалды. 63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді.

Әзірге қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив