KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ҰБТ-да 1 балл жинаған түлек 10 шетелдік университеттен шақырту алды

Фото: instagram.com/erasyl.ualievv

31.07.2024, 14:26 95 ALTAINEWS

Биыл ҰБТ-да бір балл жинаған Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жазбада Ерасыл барлық шақырулардың скриншоттарын көрсетті.

  • Özyeğin University: Жасанды интеллект
  • OSTİM: Авиация және ғарыш техникасы
  • Final University: Стоматология
  • Antalya Bilim University: Сәулет
  • World Peace University: Бағдарламалау
  • Domus University: Ойын дизайны
  • KOSTU: Бағдарламалау
  • Вeykent University: Актерлік шеберлік

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік.

Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив