KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.89 528.74 5.29

Этнотуризмді дамытуға елеулі қосып жүр

8.08.2024, 15:55 98 ALTAINEWS

Соңғы кездері елімізде экологиялық туризм мен этнотуризм қарқынды дамып келеді. Айталық, Катонқарағай ауданында жаз шыға жол бойында орналасқан киіз үйлерді көп байқаймыз. Этнотуризмді түлетуге үлес қосып жүрген кәсіпкердің бірі – Катонқарағай ауылының тумасы Шалқар Жақсылық. Он жылдан астам уақыт туризм саласында қызмет істеп келе жатқан ол үш жыл бұрын «Өр Алтай этноауылы» атты демалыс орнын ашқан.

Қабырға ауылының маңында орналасқан этноауылда 40 адам сыятын 10 киіз үй тігілген. Еңсесі биік қазақ үйде қалаған ыстық тамағыңызды дайындап, саумал және қымыз, құрт-май сияқты табиғи өнімдерді де жеткізіп береді.

Үй іші ұлттық құндылықтарды дәріптейтін түрлі бұйымдармен безендірілген. Сондай-ақ бұл жерден алтайлық ақын-жазушылардың кітаптарын да таба аласыз.

Бұл аумақта сонымен қатар 20 адамға арналған ағаш үйлер де бар. Ішінде су, жылу жүйесі орнатылып, қолайлы жағдай жасалған. Рахман қайнары, Қаракөл, Мұзтау сынды табиғаттың жауһарларын тамашалағыңыз келсе, кәсіп иесі ұлттық парк белгілеген арнайы туристік маршруттар арқылы атпен және автокөлікпен саяхатты да ұйымдастырып береді.

– Этноауылды әкем екеуіміз ашқанбыз. Мақсатымыз – Өр Алтай өңірін қонақтарға таныстыру, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеу. Туризм саласында жұмыс істеп келе жатқаныма 12 жыл болды. Алакөлде демалыс базаларында 10 жылға жуық түрлі қызметтер атқардым. Кейінгі жылдары туған жерге қайтып келдім. Елге, жерге қызмет етсек пе деген тілек біздікі. Қалалық адамдар ауылдың өміріне қызығады. Соны ескеріп, осындай демалыс орнын жасадық. Бірінші маусымнан бастап қыркүйек айына дейін жұмыс істейміз, – дейді этноауыл иесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив