KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскемендіктер мерекені бастап кетті

21.08.2024, 14:52 158 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскемендіктер қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар легін бастап кетті. Бүгін облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Туған қаламызға саяхат» деп аталатын әдеби-сазды кеш өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл іс-шараға белсене қатысқан кітапхана оқырмандары қала тарихы туралы сөз қозғап, жылы естеліктерін айтты. Сонымен қатар ұйымдастырушылар жасыл қаланың сұлулығын паш ететін фильм ұсынды.

– Өскемен – таңғажайып жерде орналасқан бірегей тарихы бар қала. Жыл өткен сайын қала көркейіп, жаңа шағын аудандар пайда болып, гүлденіп, өркендеп келеді. Қаламызда түрлі мәдени іс-шаралар өткізуге арналған жаңа әлеуметтік нысандар да ашылып жатыр. Осының барлығын оқырман қауымға паш ету мақсатында әдеби-сазды кеш өткізіп, қаланың көп жылдық тарихын баян еттік, – дейді кітапханашы Жұпар Бітібаева.

Іс-шара барысында брайль бедерлі-нүктелі қарпімен жарық көрген жаңа жыр жинақтың тұсаукесер рәсімі болды. Әдеби кеш әсем ән мен биге ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу