KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Дін мәселелерінің мамандары Шығыс өңірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді

22.08.2024, 14:05 97 Қуаныш Рахметоллаұлы

Халықтың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу мақсатында дін мәселелері бойынша республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Шығыс Қазақстан облысына келіп, Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Алтай аудандарының және Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесті.

Түсіндіру тобының құрамында теолог, дінтанушы және дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сала мамандары «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері»,  «Дін және діни экстремизм», «Рухани-адамгершілік құндылықтар», «Ұлттық дәстүрлер және дін», «Теріс діни ағымдардың зияны мен залалы және олардан сақтану жолдары» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Сондай-ақ мамандар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, мешіт жамағаттары, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастармен және өзін-өзі қамтушылармен жүздесіп, жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіріп өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу