KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде дін мен дәстүр тақырыбында семинар-конференция өткізілді

28.11.2019, 04:23 324

Өскеменде "Дін мен дәстүрдің тұтастығы зайырлы қоғам кепілі" тақырыбында облыстық семинар-конференция болып өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО Дін істері басқармасы және облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл шараға елімізге танымал дінтанушы ғалымдармен қатар, осы салада қызмет етіп жүрген теолог-дінтанушы мамандар, түзету мекемелерінің қызметкерлері, ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері бойынша мамандары, қала және аудан әкім аппаратының терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшылары, сондай -ақ дінтану пәнінің мұғалімдері келіп қатысты.

ШҚО Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Исабаев Асқар Мұратұлы кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларды конференцияның мақсатымен таныстырды.

Конференцияға арнайы шақыртумен келген, ҚР Дінтанушылар Конгрессі қоғамдық бірлестігінің сарапшысы, философия ғылымдарының PHD докторы, теолог, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Исахан Мұқан Баймұратұлы қатысушыларға "Зайырлылық-мемлекет пен ұлт тұтастығының кепілі" тақырыбында баяндама жасады.

Дін саласында жемісті еңбек етіп, түйткілді мәселелерімен терең айналысып жүрген мамандар, атап айтқанда ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Сабалакова Алуа Өкешқызы, оңалту бөлімінің меңгерушісі Айжан Мұратқызы, оңалту бөлімінің теологы Ернұр Болатбекұлының өз тәжірибелерімен бөлісуі көпшіліктің көңілінен шықты.
Семинарға өз тәжірибесімен бөлісуге арнайы келген Түркістан облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің маманы Саликбаев Қайрат Құралтайұлы "Түркістан облысы бойынша деструктивті діни ағымда жүргендермен адрестік жұмысты ұйымдастыру " тақырыбында баяндама жасап, өз өңіріндегі атқарылған жұмыстардың ерекшелігіне терең тоқталды.

Семинар-конференция барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, дін мәселелерінің түйткілді тақырыптарына ұсыныстар жасап, алдағы атқаралатын жоспарларға бірқатар ескертулер енгізді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу