Әскерге шақырылғандардың алғашқы тобы аттанады - ШҚО
шартты сурет: depositphotos.com
Елімізде күзгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Шығыс өңірінен шақырылғандардың алғашқы тобы бүгін әскери борышын өтеуге аттанады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күндері әскерге шақырылғандар қызметке жарамдылығын растау үшін медициналық тексеруден өтеді.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың жетекшілігімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастады.
Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады, төрт айдың ішінде Шығыс Қазақстан облысынан Қарулы Күштер және басқа да әскери құрылымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 800-ге жуық сарбаз толықтырады.