Күзгі әскерге шақыру маусымы жалғасуда – ШҚО
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Өскемендегі Қорғаныс істері жөніндегі қалалық бөлімде күзгі әскерге шақыру маусымы жалғасып жатыр.
Күзгі маусымда Өскемен қаласынан екі жүзге жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Әскерге шақырылушылардың алғашқы құрамы Шекара қызметінің сапында Отан алдындағы борышын өтеуге ниеттілерден жасақталды. Одан кейін Қарулы Күштердің әскери бөлімдері, Мемлекеттік күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жас сарбаздардың кезекті легімен толықтырылмақ.
Ал elicense.kz. порталы арқылы онлайн режимде әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыруға өтініш беруге болады. Шақыру комиссиясы келген өтінішпен қоса берілген құжаттарды қарап, қорытынды шығарады.
Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. әскери борышын өтеп келген азаматтарға ҰБТ және оқу орнына түсу емтихандарын тапсырмай, жоғары оқу орындарына орналасу секілді жеңілдіктер қарастырылған.