Елімізде букмекерлік кеңселер саны екі есе азайды
Фото: dauletten.kz
Егер 2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны – 16, ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 12.
Ал осы жылдың басынан сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды. Олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеген, деп хабарлайды Altaynews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ведомство түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, кейінгі 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырды.
Қазақстандағы ойын бизнесі субъектілерінің жалпы саны да кеміп жатыр. Кейінгі 5 жылда олар 2,5 есе азайды. Егер 2018 жылы 97 болса, биыл олардың саны 38 бірлік болды.