KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру шаралары жүргізілуде

фото: depositphotos.com

9.09.2024, 11:02 82 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, білім басқармасы және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып, 11 жастағы қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды енгізу бойынша 2024-2025 жылдарға  іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ҚР денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, биылғы жылдың наурыз айында Назарбаев Университетінің Жоғары медицина мектебінде адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды енгізу бойынша 5 маман оқытылған. 

«ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының тренерлері мен мамандары облыстағы медициналық ұйымдарға адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу бойынша 22 мониторингтік шара жүргізді», - деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, облыстағы медициналық ұйымдардан 15 маман (педиатр, гинекологиялық онколог, жалпы практика дәрігері, эпидемиолог) және ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен 10 маман оқудан өтті.

Мектеп мұғалімдері арасында да профилактикалық екпелер, оның ішінде адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша семинар өткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив