KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
514.94 583.74 6.13

Өскеменде жүзге жуық адам қызылша жұқтырған

smi24.kz

9.12.2023, 21:03 246 Назерке Каримова

Облыс орталығында қызылшамен сырқаттанғандар саны артып келеді.

Негізінен науқастардың көбі вакцина алмағандар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО СЭБД Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ақпаратына сүйеніп.

- Біз байланыста болған адамдар тобын және олардың егу мәртебесін анықтай отырып, қызылшаның әрбір жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргіземіз. Медициналық ұйымдарға эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қызметтік хаттар жіберілді, - деді ШҚО СЭБД Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Арман Сағындықов.

Сонымен қатар, Өскеменде қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды.

Сондай-ақ, басқарма мамандары денсаулық сақтау ұйымдарында, орта және жоғары білім беру нысандарында, мектепке дейінгі мекемелерде қызылшаның алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп, парақшалар, буклеттер мен жадынамалар таратып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу