KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Тұрғындар несиелік қаражаттарын тамақ өндірісіне салып жатыр – ШҚО

фото: depositphotos.com

10.09.2024, 09:58 84 Жанаргүл Мұқатай

Ұлан ауданында ауыл шаруашылығы өнеркәсібі өркендеп келеді. Қазіргі күні ауданда осы салада 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудандағы «AGRO Vostok LTD» ЖШС  ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу  фермасының құрылысын жүргізіп жатыр. Құны 1,1 млрд. теңге болатын жаңа өндіріс нысаны  2025 жылы іске қосылмақ.  «Украинка»  шаруа қожалығында роботталған ферма салынуда.  Салынып жатқан инвестициялық қаржы көлемі -1,6 млрд. теңге. «Агрокешен Донское» ЖШС Донское ауылында   1,5 га егіс алаңы бар жылыжай кешенін салып жатыр. Жоба құны 500,0 млн. теңге. Құрылысы 2019 жылы басталған жылыжай кешенін жыл соңына дейін салып бітіру жоспарланып отыр.

Ұлан ауданында  «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша несие алып жатқан ауыл тұрғындарының да көпшілігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін өндірістер ашуға ниеттеніп отыр. 2024 жылға аудан бойынша несие алуға жалпы сомасы 1,3 млрд.теңгенің 135 өтінімі дайындалған. Тұрғындар несие қаражатын сүт өнімдерін өңдеуге, макарон цехын ашуға, тұшпара цехын кеңейтуге, көкөністер өңдеуге, туризмді дамытуға және ауыл шаруашылығы жануарларын, техникаларын сатып алуға жұмсамақ.

Ауданда 2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 20 адам  153,0 млн.теңгенің  несиесін  алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив