Ұлан ауданында төрт ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асады
Шығыс өңірінде агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару мен қайта өңдеуді ұлғайту бойынша нақты жұмыстар атқарылып жатыр.
Бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығына 14,6 млрд теңге инвестиция салынды. Алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешені бойынша 92,8 млрд теңгеге 37 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалардың көпшілігіне жеңілдетілген несие бағдарламасы және инвестициялық салымдарды субсидиялау бойынша қолдау көрсетіліп жатқанын айта кеткен жөн.
– Бүгінде Ұлан ауданы бойынша 2,6 млрд теңгеге 4 жоба іске асырылуда. Өткен жылдан бастап өңірде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша 21 млрд теңгеге 6 ірі тауарлы сүт фермасы салынып жатыр. Соның ішінде Ұлан ауданындағы «Украинка» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасын кеңейту және жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесуінде.
Оқи отырыңыз