KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Субсидиялар қай салаларға бөлінеді?

Фото: agroinfo.kz

13.10.2023, 12:00 5 192 ALTAINEWS

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың бірден-бір тетігі ретінде субсидиялау жүйесі жүзеге асырылып келеді. 2022-2023 жылдары мемлекеттік субсидиялау бағдарламалары аясында облыстың ауыл шаруашылығы өндірістік кешенін субсидиялауға 50,2 млрд теңге бөлінген.

Субсидиялау жүйесінің тиімділігі мен ашықтығына қатысты, ондағы жемқорлық тәуекелдерін жоюға қатысты әңгіме жиі көтеріліп, талқыланып жүр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Субсидиялардың ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің инвестициялық қаржылай шығындарын жабуға берілген инвестициялық субсидиялар өзінің тиімділігін көрсетіп отырғанын айтады сала мамандары.

Жыл басынан бері өңірде 32,7 млрд теңгенің төрт ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 44 жұмыс орны ашылған. Осы ірі инвестициялық жобаларға мемлекеттен демеуқаржы берілген. Атап айтқанда, Ұлан ауданындағы «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-да бройлер өндірісі жылына 60 мың  тонна құс етін өндіретіндей етіліп ұлғайтылып, фабрикада 30 жұмыс орны ашылған.

Оған қоса «Жанартау КЗ» ЖШСнің жылына тірідей салмақта 250 тонна ет өндіретін 1000 басқа арналған бордақылау алаңы салынған. Аталған аудандағы «Багратион 2» шаруа қожалығында 3600 тонна сүт өндіруге әлеуетті 300 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы ашылды.

Глубокое ауданында «Убинка XXI» ЖШС-нің сыйымдылығы 10 мың тонна болатын астық кептіру кешені қайта жаңғыртылған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 25,7 млрд теңгенің тағы да бес жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Қосымша 34 жұмыс орны ашылады. Қайта өңдеу саласы бойынша 15,5 млрд теңгеге екі жоба, мал шаруашылығында 9 млрд теңгеге үш жоба жүзеге аспақ.

Сондай-ақ жыл сайын облыста техника сатып алуға кеткен шығындар субсидияланып отыр. Орта есеппен алғанда жыл сайын ауыл шаруашылығы техникалары 3-4 пайызға жаңаланып жатыр.

Сала басшылары мемлекеттік қолдау шаралары ауыл шаруашылығы өнімдерінің молаюына мүмкіндік беріп отырғанын айтады. Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі былтырғыдан 110 пайызға артып, 598,6 млрд теңге болады деп күтіліп отыр.

Автор: Жамал Ермен

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив