KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Қандай операцияларды қарапайым электрондық қолтаңбамен куәландыруға болмайды

Фото: atlas-soft.ru

11.09.2024, 16:31 112 Айжанат Бақытқызы

Цифрлық даму министрінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі бұйрығымен қарапайым электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын транзакциялар тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Тізімге мыналар кіреді:

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын мәмілелер;
  • мемлекет меншігіндегі ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құру, ұстау, іске асыру шеңберінде жасалған мәмілелер;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерімен операциялар;
  • мемлекеттік тапсырмаларды орындауға байланысты операциялар;
  • тікелей нысаналы сату арқылы мемлекеттік мүлікті сатып алу/сату бойынша мәмілелер (келісімшарттар);
  • екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс арқылы мемлекеттік мүлікті сатып алу/сату мәмілелер (келісімдері);
  • есірткі айналымы, жер қатынастары, қорғаныс кәсіпорындарының қызметі және маңызды инфрақұрылым саласындағы операциялар.

Бұйрық 2024 жылғы 21 қыркүйекте күшіне енеді.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу