KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Лауазымды тұлға кәсіпкерге әкімшілік кедергі келтірген – ШҚО

Фото: gov.kz

20.07.2023, 17:23 199

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына Глубокое ауданының кәсіпкері шағым түсірген.

Кәсіпкер аудандық әкімдік қызметкерлеріне қатысты арыз айтып жүгінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шағымда кәсіпкердің қоймасында тегін сақталып келе жатқан тәркіленген мүлікті сату бойынша аукционды әкімдік қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қайта өткізбегендігі көрсетілген. Бұрын өткізілген аукционда жеңіске жеткен сатып алушы сатып алынған мүліктен бас тартқан.

ҚР қаржы министрінің «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 54 және 55-тармақтарына сәйкес, мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қоспағанда, сатып алушыға мүлікті беру сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы толық төлегеннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жүргізіледі. Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзады.

Осылайша, Глубокое ауданының қаржы бөлімі сатып алушы қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймауына байланысты шартты біржақты тәртіппен бұзып, мүлікті аукционда қайта сатуы қажет болған. Алайда биылғы наурыз айынан бері аукцион қайта өткізілмеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Атамекен» ӨКП араласқаннан кейін сатып алу-сату шарты бұзылып, аукцион қайта басталды. Ал құқық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу