KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

ШҚО спортшыларынан құралған Қазақстан құрамасы арқан тартыстан жартылай финалға жолдама алды

11.09.2024, 15:09 63 Қуаныш Рахметоллаұлы

Жартылай финалда біздің батырлар Ресей, Қырғызстан және Пәкістан спортшыларымен кездеседі.

Бұл қазақстандық спортшылар үшін жоғары деңгейдегі алғашқы ойындар.

Ерлер арасында Ұлттық құраманың сапында 12 спортшы бар.  Олардың барлығы дерлік Шығыс Қазақстаннан. Бүгін жігіттер Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Ұлыбританияны құрамаларын жеңді. Әр жекпе-жекті  2:0 есебімен жеңіп, қарсыластарға мүмкіндік бермеді. Алда жартылай финал.

“Біз облыстық жарыстарда іріктеуден өттік, содан кейін ҚР чемпионатында жеңіске жеттік. Кейін көшпенділер ойындарына дайындық басталды. Ресей Федерациясында,  шет елде өткен жарыстарға қатысып, барымызды салдық. Оқу-жаттығу жиындарында шеберлігімізді шыңдадық. Бұл спорт біздің ежелден келе жатқан дәстүріміз, бірақ кәсіби халықаралық деңгейде енді  дамып келеді. Осыған қарамастан, аяқ алысымыз жаман емес”, - деді арқан тартудан ұлттық құраманың мүшесі Алмас Жүніс.

Арқан тартыс спорт түрі ретінде қомақты қаржыны  қажет етпейді, оны кез-келген ауылда, елді мекенде  жаппай дамытуға болады, дейді спортшылар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив