KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Өскемен гарнизонында оқу-жаттығу жиындары өтуде

13.09.2024, 16:07 72 Айжанат Бақытқызы

Риддер қаласының 30-ға жуық әскери қызметкері жауынгерлік дайындық аясында Өскемен су электр станциясының қорғанысын пысықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен гарнизонында Шығыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 99230 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен әскери борышын өтеуге міндеттілердің жауынгерлік дайындығын арттыруға бағытталған оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Әсіресе, аймақтағы стратегиялық маңызды нысандарды қорғауға ерекше көңіл бөлінуде.

Оқу-жаттығудың негізгі кезеңдерінің бірі – өңірді энергиямен қамтамасыз ететін маңызды энергетикалық нысан – Өскемен су электр стансасын қорғау тәжірибесі болды.

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер түрлі қауіп-қатер сценарийлері бойынша іс-қимылдарды пысықтады және ықтимал қауіптерге жедел әрекет ету үшін қажетті білім алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив