KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Облыс тұрғындары бас және мойын ісіктеріне тегін тексеріледі

Фото: lapino2.ru

30.09.2024, 12:00 1 162 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облыстық  көпсалалы  онкология және хирургия орталығында бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау және алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні шығысқазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан  тегін кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болса жеткілікті, учаскелік дәрігерден ешқандай жолдама қажет емес. 
"Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты ашық есік күні стационарда өтеді", - деп хабарлады орталықта.

Мекенжайы: Өскемен қ, Потанин көшесі, 6, 2-корпус, артқы жақтағы есіктен кіру.
Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.

                                                                                                                                                           Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив