KZ
Өскемен
-28°
туман жел 1 м/с, С
515.97 537.8 5.25

ШҚО: өткен жылы ауыл шаруашылығының көрсеткіштері өсті

Фото: Аяужан Утеулинова

Бүгін, 17:30 56 Төлеуғазы Жансая

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШҚО - да ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 млрд теңгені құрады. Табиғи көрсеткіштер бойынша өсім 108,7%-ды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 112%, мал шаруашылығы – 105% болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 

—Өңірдегі азық-түлік өндірісінің көлемі 233,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 104%-ға артты. Азық-түлік өндірісінің нақты көлем индексі 109,7% деңгейінде болды, бұл саланың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді,  - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Каджибекова Өңірлік коммуникациялар қызметі арасындағы брифингте. 

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында облыста барлық түрдегі мал мен құс етінің 161,4 мың тоннасы өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 104,5%-ға артты. Сүт өндіру көлемі 239,0 мың тоннаны құрады.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өндіру де айтарлықтай өсті: жалпы өнім 581,8 мың тоннаны құрап, 2023 жылғы деңгейден 150%-ға артқан. Орташа өнімділік 23 ц/га болды. Майлы дақылдардың жиналған көлемі 423,3 мың тоннаны құрап, 118,9%-ға артты. Орташа өнімділік 19,1 ц/га деңгейінде болды.
Алайда көкөніс өндірісінде төмендеу байқалды: жалпы жиналған өнім 114,7 мың тоннаны құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 74,5%-ды құрады. Орташа өнімділік 348,3 ц/га болды.

2024 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында “КазАгроФинанс” АҚ-ның ШҚО филиалы арқылы 545 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары қаржыландырылды. Олардың жалпы құны 11,0 млрд теңгені құрады, соның ішінде 237 трактор және 42 комбайн сатып алынды.

Облыстың агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту үшін 2024 жылы субсидиялау бағдарламалары аясында 23845,4 млн теңге бөлінді. «Кең дала 2» бағдарламасы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 12236 млн теңге көлемінде несие беріп, айтарлықтай қолдау көрсетті. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 7039,0 млн теңге қарастырылған, бірақ іс жүзінде 2024 жылдың соңында республикалық бюджеттен 2500,0 млн теңге бөлінді. 72 жоба бойынша 1000,0 млн теңге көлемінде несиелер Сенім білдірілген өкіл арқылы берілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы Жол картасы аясында жоспарланған 15 жобаның 14-і 20,6 млрд теңге сомасына іске асырылды. Өскемен қаласында орналасқан («ALTAI MAI» ЖШС) май экстракциялық зауытын салу жұмыстары 2025 жылдың 1-тоқсанына ауыстырылды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды және жабдықты тексеру үшін зауытты сынақ режимінде іске қосу жоспарланған, ал пайдалануға қабылдау актісі 2025 жылға белгіленген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу