20 жасөспірім алаяқтарға алданып қалды
Кәмелетке толмаған 20-дан астам азамат алаяқтардан зардап шекті. Бұл туралы Астана қаласының прокуратура хабарлады. Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредиттерді рәсімдеу жоспарын әзірлеген.
Жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы үлесін алатындарымен алдаған.
Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны сотта дәлелденді.
Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп кінәлі тұлға сотталды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.