KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
524.75 540.6 5.12

Биыл бастауыш сыныптарды қандай өзгеріс күтіп тұр?

Сурет: gazeta-kurier.kz

5.07.2023, 10:11 560 Оразай Жеңісұлы

2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні екінші сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Орыс тілінде оқытатын сыныптарда бірінші сынып оқушылары "Қазақ тілі" және "Букварь" пәндерін оқиды. «Шет тілі» оқу пәнін барлық оқушылар үшінші сыныптан бастап оқиды.

«Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», - деп атап өтті Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.

«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның әдістемелік-нұсқау хатында толығырақ берілген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу