«Болашақ» бағдарламасына Франциядағы 13 университет қосылды
Фото: egemen.kz
«Болашақ» бағдарламасына Франциядағы тағы 13 университет қосылады.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Франция мен Қазақстан президенттерінің Ақордадағы кездесуі басталарда мәлімдеген, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
— «Болашақ» бағдарламасының аясындағы әріптестікті әрі қарай кеңейтеміз. Өздеріңіз білесіздер, Франция – өнеркәсіп елі. Әсіресе энергетика, коммуникация, компьютер ғылымдары, зымыран және әуе кемесін құрастыру салаларында ынтымақтастықтың әлеуеті зор, - деді министр.
Ведомство басшысы Тулуза қаласында Airbus компаниясының штаб-пәтері тұрғанын еске салды.
— Сондықтан ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, зерттеу орталықтарының санын кеңейтеміз. Сол арқылы біздің ғалымдар, магистраттар мен докторанттар тағлымдамадан өтеді, - деді Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз