Жайлы мектеп: Глубокое ауданында 3 мектеп салынады
Глубокое ауданына қарасты Белоусовка, Опытное поле және Прапорщиково елді мекендерінде заманауи білім ордасы бой көтермек.
Қазір өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов айтты.
Қазіргі уақытта Белоусовка және Опытное поле елді мекендерінде 300 орындық екі мектептің құрылысы басталып кеткен. Келесі жылы пайдалануға беріледі. Ал Прапорщиково ауылындағы білім ордасының құрылысы келер жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға берілмек.
Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде өңірде халық саны артқандықтан мектеп жетіспеушілігі байқалып отырған көрінеді.