KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

Риддердегі арнайы мектеп-интернатта бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған

7.03.2024, 10:52 370 ALTAINEWS

Риддер қаласындағы №7 арнайы мектеп-интернатында бүлдіршіндердің шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар жыл сайын Special Olympics желісі бойынша облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері атанып келеді.

Облыстық білім басқармасыда интернат тәрбиеленушілері "Жұлдыз" ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған фестивальдің облыстық, республикалық және халықаралық кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болған мақтана айтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кету керек, №7 арнайы мектеп-интернаты 2013 жылы "Ю.Гагарин атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзету мектеп-интернаты" КММ және "Риддер қаласының дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп – интернаты"КММ-нің бірігуі нәтижесінде құрылған.

- Онда оқушылардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратқа, мектеп аумағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер жабдықталған, балалар алаңы да орнатылды, - дейді білім басқарамасы.

Қазіргі уақытта білім беру мекемесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 300-ден астам бала білім алып жатыр. Олармен 57 педагог, 80-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив