Жыл соңына дейін 7 мектеп ел игілігіне беріледі – ШҚО
ШҚО-да «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың аяғына дейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен жалпы құны 34,7 млрд теңге болатын 4200 орындық 10 мектеп салынады.
Он мектептің бесеуі Өскемен қаласында, үшеуі Глубокое, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында салынбақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл мектептерді салудағы мақсат қала мен ауылдағы білім беру сапасының алшақтығын жою, сондай-ақ білім беру ортасының (инфрақұрылымның) жаңа стандарттарын енгізу.
Жайлы мектептердің ерекшеліктері - бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда оқиды. Бұл қауіпсіздікті арттырады. Әр блокта психолог және логопед кабинеттері, биотехнология, STEM зертханалары, хореография залы, коворкингтер және 600 орындық мектептерде жеке спорт залдары (бастауыш және орта сыныптар үшін) болады.