KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Дәрігерлердің еңбекақысы 550 мың теңгеге көтеріледі

22.07.2019, 09:42 201

Қазақстанда дәрігерлердің еңбекақысы 550 мың теңге болмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Министрдің айтуынша, медициналық қызметкер мамандығының беделін арттыру үшін еңбекақыны көтеріп, медициналық мекемелерді озық технологиялармен қамтамасыз ету қажет екен.

- Мысалы, менің ойымша, жедел жәрдемнің жұмысы ең беделді болып табылады. Мұндай қызметте энтузиаст мамандар ғана жұмыс істейді. Оларды жазғыратын жағдайлар да жиі болады, өйткені бұл жер ерлік көрсететін орын ғана емес, қарапайым күнделікті жұмыс орыны. Әрине, оларды ынталандыру қажет. Министрлік пн жергілікті атқарушы органдардың тарапынан осыған орай көп жағдай жасалуда. Маусым айында біз барлық медициналық қызметкерлердің айлығын көтердік. Министрлік бұл мәселеге мониторинг жасап отыр, - дейді министр.

Сондай-ақ, министр қазіргі таңда дәрігерлердің орташа еңбеақысы 240 мың теңгені құрайтынын, ал 2025 жылға қарай бұл цифрдың екі есе өсетінін айтып өтті.

- Орташа еңбекақы туралы айтқанда, ең төмен жалақы  мен ең көп жалақының ортасындағы көрсеткіш мысалға келтіріледі. Бұл көрсеткіш жоғары болып көрінеді. Маусым айында дәрігерлердің еңбекақысы 240 мың теңгені құрады, бірақ бұл жалақыны әрбір дәрігер алып отырған жоқ. Дәрігерлердің көбі айына 120 мың теңге алады, өйткені еңбек өтілі ескеріледі. Біз мемлекеттік бағдарламада дәрігерлердің еңбекақысы экономика бойынша орташа жалақыдан 2,5 есе көп болу керек деген критерий қойып отырмыз. Біз осыған келуім керек. Мұндай деңгейдегі еңбекақымен біздің дәрігерлер шетелге кетпейтін болады, - дейді Елжан Біртанов.

Министрдің мәліметінше, келер жылдың қаңтар айынан бастап дәрігерлердің еңбекақылары кезең-кезеңмен 2025 жылға дейін көтеріледі. Осылайша, болашақта 500-550 мыңдық жалақыға қол жеткізуді көздеп отыр екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу