KZ
Өскемен
+4°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

ШҚО: Нейрохирургтер кезекті күрделі отаны сәтті аяқтады

30.01.2023, 14:35 335 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық нейрохирургтер мидағы ісікті тіліксіз алып тастау бойынша ота жасайды.

Бас миындағы ісікті трансназальды жолмен алу технологиясын облыс нейрохирургтері өткен жылы меңгеріп, осындай ауру анықталған пациенттерді облыс орталығында емдеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жақында өз тәжірибесімен бөлісу үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық нейрохирургия орталығының» трансназальды эндоскопиялық нейрохирургия бөлімінің нейрохирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Данияр Телтаев келіп, оның жетекшілігімен екі тұрғынға  ота жасалды.

Гипофиз ісігін алып тастау минималды инвазивті жолмен, яғни науқастың мұрыны арқылы жүзеге асырылған.

- Біз Орталықта мұндай операцияларды 2022 жылы жүзеге асыра бастадық, бірақ ісіктерді эндоскопиялық алып тастаудың әртүрлі нюанстары, орындау технологиясының ерекшеліктері бар, оларды бізге елордалық әріптестер ашты, сондықтан біз осындай шеберлік сабақтарында тәжірибелі мамандардан үйреніп, біліктілігімізді арттырамыз, - деп бөлісті ШҚО Мамандандырылған медициналық орталықтың Инновациялық медицина бөлімшесі меңгерушісі Жандос Уап.

Елордалық нейрохирург Данияр Телтаев атап өткендей, қазіргі уақытта бұл эндоскопиядағы ісіктерді жоюдың ең озық технологиясы.

Операция шамамен 2 сағатқа созылды. Глубокое ауылының тұрғыны Арман Мескеновтың айтуына, қаңтар айының басында басы қатты ауырып, өзін әлсіз сезініп, мұрыннан жиі қан кете бастаған. Ал, ота толықтай МӘМС аясында жасалды.  Айта кету керек, мұндай қызметтің құны шамамен 1 миллион теңгеден асады.  Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы.

Сондай-ақ Данияр Телтаев гипофиз ісігінің белгілері әртүрлі болатынын атап өтті.

Диагнозды анықтау МРТ көмегімен жасалады. Егжей-тегжейлі зерттеуден кейін пациентті емдеуге консервативті немесе хирургиялық тәсілді таңдау керектігін нақтылау үшін нейрохирургургтерге жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив