ШҚО-да жатыр мойны обырымен 900-ге жуық әйел есепте тұр
Елімізде әйел адамдарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ұсынылды. Себебі, аталмыш вирус жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін, ал вакцинация болашақ әйелдерді онкологияның осы түрінен қорғауға мүмкіндік береді.
ШҚО-да жатыр мойны обырымен есепте 900-ге жуық әйел тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазіргі уақытта ауруды анықтаудың бір әдісі скрининг болып табылады. 30 мен 70 жас аралығындағы барлық әйелдер тексеруден өтуі керек. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға келіп, онкоцитологияға жағынды тапсыруға тиіс.
Қазақстанда статистика бойынша 15 жыл ішінде жатыр мойны обырымен сырқаттанушылықтың 22% - ға өсуі байқалады. Вакцинация статистиканы бірнеше есе төмендетеді деп болжануда.