KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
526.81 542.72 5.16

Жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр – ШҚО

Фото: ӘМСҚ ШҚО баспасөз қызметі

17.06.2023, 09:10 312 Ләззат Қанатқызы

Қазіргі күні ШҚО аумағында жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп, сол арқылы шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетілуде.

Жылжымалы медициналық кешен дәрігерлері түкпірдегі ауылдардың 3 мыңға жуық халқын қабылдап үлгерген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш кешен соңғы рет Күршім ауданына барды.

  Жылжымалы кешенге келгендер ЭКГ маммография, флюорографияға түсіп, гинекологтың қарауынан өтіп, жалпы қан анализін тапсыра алады. Жыл басынан бері тоғыз елді мекенді аралап, 3 мыңға жуық науқас қабылданды. 1300 диагностикалық зерттеу, 2035 зертханалық процедуралар жасалды. Соның нәтижесінде 44 науқас анықталып, 11 адам диспансерге жатқызылды, дейді ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, медициналық мамандар тұрғындарға еш ақысыз қызмет көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу