Жылжымалы кешенде 3 мыңға жуық тұрғын тексерілді – ШҚО
Фото: egemen.kz
ШҚО-да жылжымалы медициналық кешеннің дәрігерлері шалғай ауылдардың 3 мыңға жуық тұрғынын қабылдаған.
Автобус заманауи құралдармен жабдықталған және түрлі бағытта маманданған дәрігерлер халықты ақысыз қабылдап, толыққанды тексереді, кешенде анализ де алынады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істеп жатыр. Осының арқасында шалғай ауылдардың тұрғындары жан-жақты медициналық тексеруден өте алады. Мұндай кешен соңғы рет Күршім ауданында қызмет көрсеткен.