Елде 400 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады
Фото: egemen.kz
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні қарсаңында 9 қарашада Қазақстанда ауру тақырыбына арналған ұлттық баспасөз конференциясы өтеді.
Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні ата өтіледі, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл күн — инсулинді ашқан негізгі адамның бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Фредерик Бантинг дүниеге келген күн.
— Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша әлемде шамамен 537 миллион адам қант диабетімен ауырады. Қазақстанда бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам пациент бар, олар жылына 18 мыңнан 30 мыңға дейін жаңа ауруға шалдығады. Қазақстан мен әлем бойынша эпидемиологиялық деректер сырқаттанушылық ауыртпалығының тұрақты өскенін және пациенттер санының артқанын айғақтайды, - деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз