KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

COVID-19 қант диабетін тудыруы мүмкін - дәрігерлер

12.07.2022, 10:55 108

Дәрігерлер Томас Йейтс, Кэтлин Вайн және Роберт Х.Шмерлинг коронавирус жұқтырған адамдардың аурудан кейін бір жыл ішінде қант диабетімен ауыру мүмкіндігі 40 пайызға артқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

lenta.ru сайтының хабарлауынша, зерттеушілер әлі күнге дейін COVID-19 вирусымен қант диабеті арасындағы тікелей байланысты анықтаған жоқ. Олар ауру кез келген жағдайда өзін көрсете алады деп есептейді, ал вирус тек оның даму процесін жеделдетеді.

Сондай-ақ, отырықшы өмір салты инсулинге төзімділікті және диабетке дейінгі жағдайды тудыруы мүмкін. Аз қимылдау салтын ұстанатын әйелдер жоғары тәуекелге ұшырайды. Сонымен қатар, сарапшының пікірінше, егер әйелдер көп уақытты отырған күйде өткізетін болса, жарты сағаттық шағын жаттығулар аурудың тиімді профилактикасына айналмайды.

Сонымен қатар, дәрігерлер дұрыс тамақтанбау да қант диабетіне әкелетінін ескертеді. Сондықтан аурудың дамуын болдырмау үшін жемістер, бұршақ, жаңғақтар, көкөністер мен дәнді дақылдарды қамтитын теңдестірілген диетаны қолдану ұсынылады. Бұл ретте тұтынылатын қант пен тазартылған көмірсулардың мөлшерін қадағалаған жөн.

Мамандар инсулинге төзімділік пен қант диабетінің негізгі себептерінің бірі әлі де артық салмақ екенін еске салды. Оны бақылауда ұстау және қауіпті эндокринологиялық аурулардың қаупін азайту үшін үнемі жаттығулар жасау маңызды. Дәрігерлер аптасына кемінде екі сағат жаяу жүруді және аптасына үш-төрт рет жаттығу жасауды ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив